» » Жемқорлық қазаққа жат құбылыс

Жемқорлық қазаққа жат құбылыс

Елде тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асуда. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызмет көрсету санасын бақылау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі. Осы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың қатысуымен жүргізілуі қажеттігі айтылған. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз.
Аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маманы, бас қазынашысы Айгүл Айтуарқызы.
26 тамыз 2019 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30