» » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

         Қоғамдағы өзекжарды мәселеге айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді.
       Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жерқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенді, Елбасы Н.Назарбаевтың  2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтын кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.
       Елбасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18-қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.
     Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
    Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2018 жылғы 25 маусымдағы №110 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Қазынашылық комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын орындау мақсатында Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп» жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жемқорлық әрекетінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар тұрақты жүргізілуде.
  Сонымен қатар, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында, басқарма ғимаратында азаматтарға мемлекеттік қызметкерлермен лауазымдық құзыреті шектен тыс қолдану фактілері туралы хабарлау мүмкіндігі үшін сенім телефоны көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға ғимарат ішінде екі тілде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі мен сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары туралы және пара алу мен пара берудің жазаланушылығы жөнінде арнайы хабарландыру (жадынама) орналастырылған.  
     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұруымыз қажет.
Сәкен ЗӘРІПХАНОВ,
Қармақшы аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы.
08 мамыр 2019 ж. 5 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031