» » КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

1 шілдеден бастап Қазақстанда кассациялық соттар қызметіне кірісті. Бүгінгі күнге дейін үш дербес кассациялық сотты материалдықтехникалық жақтан қамтамасыз ету, сот корпусын сапалы кадрлармен жасақтау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Кассациялық сот судьяларына қойылатын талап жоғары болғандықтан, жаңа соттарға республикадағы тәжірибесі толысқан, кәсіби шеберлігі шыңдалған, ортасына беделді жаңдардың іріктелгені түсінікті.
Жаңа модельдің ерекшелігі айқын. Айталық бұрын Жоғарғы Соттың кассациялық алқасында істер алдын ала іріктеуден өтетін. Таңдап қарау принципі азаматтардың сот төрелігіне теңдей қол жеткізуіне мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде шағымдардың тек бес пайызы ғана жоғарғы сатыда қаралып, басқа шағымданушылардың өкперенішін тудырды.
Көпшіліктің пікір-ұсынысын ескерген Мемлекет басшысы сот төрелігіне толыққанды қол жеткізуді қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау саласына тартылған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша құзырлы органдарға тапсырма бергені есімізде. Расында, күнделікті тәжірибе көрсеткендей барлық қылмыстық істердің мән-жайын мұқият, үздіксіз тексергенде ғана әділдік орнығады. Бұл сотқа мемлекеттегі қауіпсіздікке деген сенімнің негізі. Сондықтан кассациялық соттың жаңа моделі азаматтардың құқығы мен мүддесін үздіксіз, жан-жақты, сапалы қорғаудың тетігі деп бағалағанымыз дұрыс. Жаңа соттар іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын сот жүйесінің буыны болады.
Кассация жұмысының басты мақсаты – жазықсыз азаматтардың сотталуына жол бермеу. Сонымен қатар кінәлілер үшін әділ жаза тағайындау да соттың басты міндеті болып табылады.
Кассациялық соттың жұмыс істеуімен Жоғарғы Соттың қызметі де айтарлықтай өзгереді. Істерді қарауға қатысты барлық ауыртпалық жаңа соттарға жүктелгендіктен, енді Жоғарғы Сот республика соттарында ортақ тәжірибені жетілдіруге көбірек ден қояды. Бұл заңнаманы қолдануда орын алатын олқылықтарды анықтап, шешуге көмектеседі.
С.ҚОЖАҚОВ,
Қармақшы аудандық сотының судьясы
24 шілде 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 274
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031