» » Кассациялық соттың жасақталуы

Кассациялық соттың жасақталуы

Қазір елордада қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құру жоспарланған. Бұл шара алқалардың жұмысын болдырмайды, ал кассациялық соттардың штаты шамамен 100 судьядан тұрады. Бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау; алдын ала қараудың болмауы; 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгілеу; істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр.
Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында өтандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.
Мәселен, Кәсіпкерлер әділет іздеп, қорғау табуға үміттеніп, соттарға жүгінуге мәжбүр. Бірақ қазіргі кезде үш буынды сот төрелігі жүйесі үлкен сұрақтар туғызады. Облыстық соттар жанындағы кассациялық алқаларды алып тастау өз уақытында сапалы сот төрелігіне қол жеткізуді шектеді. Егер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар заңсыз шешімдер шығарса, онда бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін сотқа қайта жүгіну мүмкін болмайды.
Сондықтан бизнес-қоғамдастық өкілдері тараптарға барлық санаттағы істерге шектеусіз шағымдану мүмкіндігін беру қажет деп санайды.
Кассациялық сатыда кейбір іс­тердің қайта қаралмауы бойынша көптеген пікірталастар туындауда. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекске сай азаматтық істердің кассациялық сатыда қаралуы үшін тиісті талаптар белгіленген. Атап айтқанда, азаматтық сот ісін жүргізудегі талап қою сомасы жеке тұлғалар үшін 2 мың АЕК-тен және заңды тұлғалар үшін 30 мың АЕК-тен аз болған кезде, олар кассациялық сатыда қаралуға жатпайды. Сол сияқты, қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық теріс қылықтар туралы істер де қаралмайды. Осыған орай, осы мәселенің бірден-бір шешімі сот жүйесінің дербес кассация­лық сатысын құру. Сол арқылы барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын толық жүзеге асуына мүмкіндік жасау.
 М.Оспанов,
Байқоңыр қалалық сотының
Төрағасы міндетін атқарушы

18 маусым 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031