» » Медиацияны қолданудың іс қараудағы ерекшеліктері

Медиацияны қолданудың іс қараудағы ерекшеліктері

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.  Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85%-ында оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.Медиацияны жүргізу қағидаттары - еріктілік; құпиялық; өзара сыйласушылық; тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы.
          Қазақстан Республикасы АПК-нің 48-бабына сәйкес  талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту,  талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиациятәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды
партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім негізінде1-ші бөлімінде талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 
169170171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алатыны,   2-ші бөлімінде сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емесекені белгленіп отырса, сонымен қатар егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылданбайтыны және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейтіні,  3-бөлімінде талап қоюдың негізі немесе нысанасы өзгерген, талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған немесе азайған кезде істерді қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептелетіні көрсетілген.
           Қазақстан Республикасы АПК-нің 115-бабына талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімі немесе  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, арызды қараусыз қалдыру кезінде сот шығыстарын бөлу  талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талап қоюшы жауапкерге істі жүргізуге байланысты оның жұмсаған сот шығыстарын өтейтіні,  егер талап қоюшы талап қою берілгеннен кейін жауапкердің оларды ерікті түрде қанағаттандыруы салдарынан өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық жұмсаған сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда сот шығыстары талап қоюшыға жүктеледі. Көрсетілген баптың    2-бөлімінде тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жататыны,  кассациялық сатыдағы сотта татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған кезде, төленген мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну кезінде төленген соманың елу пайызы мөлшерінде бюджеттен қайтарылуға жататыны көрсетілген. Басқа сот шығыстарын сот татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттарына сәйкес тараптар арасында бөлетіні,  келісімдерде мұндай нұсқау болмаған жағдайда, олар өзара өтелгендепесептелетінікөрсетілген.
   Қазақстан Республикасы АПК-нің  279-бабының 6), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қою арызы қараусыз қалдырылған кезде талап қоюшының жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Мұндай жағдайда талап қоюшы іс жүргізуге айланысты жұмсаған сот шығындарын жауапкерге өтейтіні көзделген.
         «Медиация туралы» Заңның қолданылуы даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
          Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу.Тараптар үшін дауларды медиация жолымен шешу өте тиімді.
         Медиатор мен сот жүргізетін медиацияның қажеттілігін соттарда жүргізілген сынақ айқын дәлелдеп берді. Аудандық сотында 2018 жылы сотта кәсіпқой емес медиаторлардың және судьялардың қатысуымен медиация рәсімдері сәтті қолданыла отырып, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер  жүргізіліп, аяқталған, бұл дегеніміз - дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу!
Қызылорда облысы, Қармақшы
аудандық сотының
бас маманы   Бисенова  Рахия  Шауханбаевна
17 қазан 2018 ж. 2 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031