» » Дауды шешудің медиациясы

Дауды шешудің медиациясы

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары М.Демесиновтың төрағалымен Байқоңыр қалалық медиаторлар тізімі іріктелді. Дөңгелек үстел барысында медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алатындығы айтылып, Байқоңыр қалалық медиаторлар тағайындалды. Олар: Жусупов Боранбай, Сыражанова Қанымша, Батыков Ақансері, Даулетбаев Марат.
Медиацияның мақсаттары дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу,тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып келеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау-жанжалдарды орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
24 сәуір 2018 ж. 1 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 473

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031