» » «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Биыл «Медиация туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгеніне 7 жыл толып отыр. Елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс тәжірибесі негізінде осы күн «Медиация күні» мәртебесін иеленді.«Медиация күні» қарсаңында Қызылорда қаласындағы «Бітім» медиация орталығы» «Ашық есік» күнін өткізді. Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің жобасы аясында медиация саласы бойынша кеңес беру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев ашты.
– Биылғы жылдың 27 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиацияны дамытуға ықпал етудің тетігіне айналды, - деді У.Ибраев.
Сондай-ақ, басқосуда №2 Қызылорда қалалық сот судьясы Жакеева Жұлдыз және «Бітім» медиация орталығы» ҚБ төрайымы Бақтыбаева Ләззат ойларын ортаға салды.
Аталған шарада даулы мәселелерде тараптарды өзара келістіру мақсатында «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторлары келушілерге құқықтық кеңестерін берді. Шара қатысушылары медиация тақырыбында сауалнамалар толтырды.
Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде 2016 жылдың 31 наурызында медиация кабинеті ашылған болатын. Нақ сол күні 11 жақты өзара ықпалдасу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Нақты кезеңде мұндағы медиация кабинеті жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда облыс көлемінде 57 кәсіби және 615 кәсіби емес медиаторлар тіркелген.
03 тамыз 2018 ж. 1 439 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 07:15
Cialis Senza Ricetta Yahoo Answers viagra Usa Rx Pharmacy Cialis Kamagra And Women

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930