» » Кассациялық инстанция құру мәселесі талқыланды

Кассациялық инстанция құру мәселесі талқыланды

Аудандық сотта кассациялық соттың мәртебесі және оның маңыздылығы туралы жиын өткізілді. Оған аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов, аудандық соттың судьясы А.Қазыбеков, аудан прокуроры М.Маханбетжанов, сот кеңсесінің қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, нотариус Л.Діңкешова қатысты.
Жиынды сот төрағасы Қ.Мыханов ашып, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселеге орай судья А.Қазыбеков баяндама жасап, сот жүйесінде дербес кассациялық инстанция құру заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы тиімді жол болып табылатынын, сот төрелігінің сапасын және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Жиынға қатысушылар кассациялық инстанция құруға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтып, өзара пікір алмасты.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
16 маусым 2024 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 045
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031