» » Аудандық сотта семинар өтті

Аудандық сотта семинар өтті



Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексіне түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік Кодексінің жалпы ережелері және ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Іс шараға Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Қаниева, аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, аудандық сот судьясы С.Желдербаев, Қармақшы ауданының прокурорының орынбасары А.Мұратов, Жосалы кенті әкімшілігінің өкілі, Қармақшы ауданының әкімінің аппаратынан және оған қарасты дербес бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Шара барысында аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев семинарды ашып, сөз кезегін облыстық соттың судьясы К.Қаниеваға берді.
Қызылорда облыстық судьясы Қ.Қаниева өз сөзінде Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария - құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табыладындығын және мемлекеттік басқару органы қатысатын дауларды шешудің айрықша процесстік тәртібі екенін атап өтті.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев өз баяндамасында: Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі елеулі қадамға айналды. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және құзыреттілігін арттырады.
Іс бойынша шығарылған сот шешімі бақыланады. Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс. Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, Кодекстің 127-бабында белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алу қолданылады.
Аудандық сот судьясы С.Желдербаев, аудан прокурорының орынбасары А.Мұратов баяндама жасап кодекстің жалпы ережелеріне тоқталып, татуластыру рәсімдері жайында түсіндірме берді.
Семинар соңында қатысушылар кодекс талаптарын талқылап, жаңашылдықтардың тиімді тұстарын айтып, өз ойларымен бөлісіп пікір алмасты.
Қорыта айтқанда, жаңа заңнама жария-құқықтық дау кезінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз етпек.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2021 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031