» » Аудандық сотта семинар өтті

Аудандық сотта семинар өтті

ЖОСАЛЫ, 6 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өтті. Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, судьясы Е.Кутыбаев, Қызылорда облыстық сотының жеткеші маман -сот приставы Б.Қошанов және сот қызметкерлері қатысты.


Шара барысында аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері өзекті болып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, әр жиналыста күн тәртібінен түспей айтылатын сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сот ғимаратына келген азаматтармен процессуалдық емес қарым-қатынастарға бармау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әдеттерден аулақ болу керектігін, жұмыс барысында мемлекеттік қызметкер иммиджін сақтау қажет екендігі жайлы айтып өтті.
Қызылорда облыстық сотының жетекші маман-сот приставы Б.Қошанов баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті екенін, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретінін, сондықтан, сыбайлас жемқорлықты болдырмасы үшін және қоғамның сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзімсіздігін қалыптастыру үшін жүйелі шаралар жүргізу керектігін айтты.
Бұдан соң шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Семинар соңында сот төрағасы Д.Кентбаев сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында барлық көрсетілген нұсқаулықтарды қатаң сақтап, өз міндеттерін адал орындау керектігін ескертті.


Қармақшы аудандық сотының
баспасөз қызметі
06 ақпан 2020 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728