» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалымен Қармақшы ауданының аумақтық басқармасы бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы аумақтық инспекция қызметкерлері, партия мүшелері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Отырысты Қармақшы ауданының аумақтық инспекция басшысы Нұрлыбек Аслан Нұрлыбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Буханов Дастан Әбдібекұлы ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет стратегиясының жүзеге асырылуы туралы айтып өтті.
Осы орайда Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлыбек Аслан Нұрлыбекұлы ауылшаруашылығында өсімдік қорғау саласындағы бақылау қадағалау; өсімдіктер карантині аудан көлемінде өсімдік тектес тауарлардың қозғалысына бақылау жүргізу, сырттан зиянды карантиндік ауру, зиянкестердің аудан аумағына енуінен, таралуына мемлекеттік бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізуге байланысты жұмыстарға тоқталып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау оның алдын алу бағытында мекеме қызметкерлерімен жүргізілген жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге аумақтық инспекциясының мамандары тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды.

11 наурыз 2019 ж. 1 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930