» » Кодекс талаптары түсіндірілді

Кодекс талаптары түсіндірілді

Аудандық прокуратураның бастамасымен 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптары бойынша түсіндірме жүргізілді.
Мәжіліске жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте аудандық прокуратураның прокуроры Е.Есетов Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш қабылданып отырған жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтіндігін атап өтті.
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік Кодексі азаматтардың құқығын қорғаумен қатар мемлекеттік орган мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы туындаған дауларда теңсіздікті жоюға бағытталған.
Себебі әкімшілік рәсімдердің міндеттерінің бірі жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.
Кодекс талабына сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға емес, ауыртпалық түсіретін актіні қабылдаған органға, яғни жауапкерге жүктеледі.
Сондай-ақ егер, әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды, ал тараптар сотқа істің нақты мән-жайларын зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуге міндетті.
Жаңа Заңнама жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруына ықпал етіп, осы саладағы заңдылықты нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
21 мамыр 2021 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930