» » Семинар сабағы

Семинар сабағы



Қармақшы аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының Батыс аймағы бойынша судьяларының арасында семинар сабағы өтті.

Семинарға Қармақшы, Қазалы, Арал аудандық және Байқоңыр қалалық сотының судьялары қатысты.

Семинар сабағының барысында «Қылмыстық істер бойынша жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен босату» тақырыбында Арал аудандық сотының судьясы Г.Нұрымбетова, «Азаматтық істер бойынша оқу мерзіміне алимент өндіру мәселелері» бойынша Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Мұратбекұлы, «Әкімшілік қамаққа алу және орындау ерекшеліктері» тақырыбында Байқоңыр қалалық сотының судьясы Е.Шевцова кеңінен баяндап өтті.

Сонымен қатар, семинар сабағының аясында судьялар «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасы аясында Белоруссия елі сарапшысының қатысуымен «Медиация жүргізудің өзекті мәселелері, тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинар-тренингтің материалдарымен танысып, өзара пікір алмасты және өз іс тәжірибелерінде орын алған мәселелермен бөлісті.

Семинарға қатысушы судьялар семинар соңында Қармақшы ауданында орналасқан сәулет өнерінің айрықша үлгісі болып табылатын Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болып, кешен жанынан ашылған мұражаймен танысты. Мұражай экспозициясында Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтермен танысып шықты.

Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
25 желтоқсан 2018 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 118

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930