» » Семинар сабағы

Семинар сабағы

Қармақшы аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының Батыс аймағы бойынша судьяларының арасында семинар сабағы болып өттi. Семинарға Қармақшы, Қазалы, Арал аудандық және Байқоңыр қалалық сотының судьялары қатысты.

Семинар сабағының барысында қылмыстық iстер бойынша жаза өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату тақырыбында Арал аудандық сотының судьясы Г.Нұрымбетова, азаматтық iстер бойынша оқу мерзiмiне алимент өндiру мәселелерi бойынша Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Мұратбекұлы, әкiмшiлiк iстер бойынша әкiмшiлiк қамаққа алу және орындау ерекшелiктерi тақырыбында Байқоңыр қалалық соты төрағасының мiндетiн атқарушы Е.Шевцова кеңiнен баяндап өттi.

Сонымен қатар, семинар сабағының аясында судьялар <Татуласу: сотқа дейiн және сотта> жобасының аясында Белоруссия елi сарапшысының қатысуымен <Медиация жүргiзудiң өзектi мәселелерi, тәсiлдерi> тақырыбында өткiзiлген семинар-тренингтiң материалдарымен танысып, өзара пiкiр алмасты және өз iс тәжiрибелерiнде орын алған мәселелермен бөлiстi.
Семинарға қатысушы судьялар семинар соңында Қармақшы ауданында орналасқан сәулет өнерiнiң айрықша үлгiсi болып табылатын Қорқыт ата мемориалдық кешенiнде болып, кешен жанынан ашылған мұражаймен танысты. Мұражай экспозициясында Қорқыт ата өмiр сүрген дәуiрдiң тарихы мен мәдениетi жайлы мәлiметтермен танысып шықты.


09 желтоқсан 2018 ж. 1 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 119

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930