Аудандық соттың 2021 жылдың І тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды
Онлайн форматта өткен баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е.Әбләкиев қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2021 жылдың 3 айындағы аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті.
Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2021 жылдың 3 айында барлығы 12 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 10 қылмыстық іс бойынша 11 адамға үкім шығарылғанын, 1 қылмыстық іс бойынша 1 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 138 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 13 арыз бойынша сот бұйрығы, 71 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 21 медиация тәртібімен аяқталған, 28 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылған, 32 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2021 жылдың 3 айында барлығы 80-құқық бұзушыға қатысты 80-әкімшілік іс түсіп, 77-құқық бұзушыға қатысты 77-әкімшілік іс аяқталып, 3 іс қалдыққа қалған.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 129 талап арыз, 80 әкімшілік іс түскен.
Есепті мерзімде істер аудио-бейне жазба, TrueConf, Zoom,Whatsapp жүйелері арқылы қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
Аудандық соттың баспасөз қызметі