» » Қармақшы аудандық сотының 2020 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Қармақшы аудандық сотының 2020 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Онлайн форматта өткен баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2020 жылдың 9 айындағы аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті.
Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2020 жылдың 9 айында барлығы 53 адамға қатысты 40 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 32 қылмыстық іс бойынша 44 адамға үкім шығарылғанын, 7 қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 5 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 301 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 61 арыз бойынша сот бұйрығы, 139 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 54 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 47 медиация тәртібімен аяқталған, 4 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімімен тоқтатылғанын, 62 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған, 10 іс соттылығы бойынша жолданған.
Аудандық сотта 2020 жылдың 9 айында барлығы 296 тұлғаға қатысты 296 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 319 талап арыз, 304 әкімшілік іс түскен.
Есепті мерзімде істер аудио-бейне жазба, TrueConf, Zoom,Whatsapp жүйелері арқылы қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі


09 қазан 2020 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031