Қармақшы аудандық соты 2019 жылдың 3 айы жұмысын қорытындылады
Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2019 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев, кеңсе қызметкерлері және «Қармақшы таңы» газетінің тілшілері қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2019 жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2019 жылдың 3 айында барлығы 19 адамға қатысты 14 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 6 қылмыстық іс бойынша 8 адамға үкім шығарылғанын, 5 қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 3 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын және 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі қабылданғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 110 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 18 арыз бойынша сот бұйрығы, 90 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 8 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 6-ы медиация тәртібімен аяқталған, 7 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 19 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2018 жылдың 3 айында барлығы 93 тұлғаға қатысты 93 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 96 талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100 % келіп түскенін атап өтті.
Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызмет