» » Былтыр сот не тындырды?

Былтыр сот не тындырды?


Ел ішіндегі шағын дау дамайды, аз-кем арыз шағымды жоюды, сот жұмысын болымсыз істерден арылтуда медиацияның көп көмегі тиюде. Бұл жа­йында аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев өткен жылды қорытындылау жиынында мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, соңғы жылдарда ауданда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған. Сондай-ақ сотқа түсер арыз-шағым да азайған.

Былтыр аудандық соттың өн­дірісіне барлығы 79 адамға қа­тыс­ты 59 қылмыстық іс түсіп, 71 адамға қатысты 54 қылмыстық іс аяқталған. Ал 24 қылмыстық іс бойынша 27 адамға үкім шығарылып, 22 қылмыстық іс бойынша 30 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылса, 13 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілген.

Азаматтық іс бойынша 76 арызға сот бұйрығы шығып, 463 іс бойынша шешім шығарылған. 59 азаматтық іс жүргізу тоқтатылып, барлығы аудандық сотта 637 азаматтық іс қаралып аяқталған. Аудандық сотта 2018 жылдың 12 айында барлығы 441 әкімшілік іс қаралып, 43 іс медиация тәртібімен тоқтатылып, тараптардың медиаторға жүгіну саны 13 іске көбейген.

Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін айтты.

Ерсін Әбләкиев,
«Қармақшы таңы».
18 қаңтар 2019 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031