» » БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ


Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев 2018 жылдың 12 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын баяндады.
«Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2018 жылы барлығы 79 адамға қатысты 54 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 24 қылмыстық іс бойынша 27 адамға үкім шығарылғанын, 22 қылмыстық іс бойынша 30 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 13 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.
Есепті мерзімде аудандық сотта 637 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 76 арыз бойынша сот бұйрығы, 463 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 59 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 42 медиация тәртібімен аяқталған, 26 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 181 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2018 жылдың 12 айында барлығы 441 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 613 талап арыз түскен арыздардың 100% келіп түскенін атап өтті. 
Барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды»
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
11 қаңтар 2019 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930