Құрылтай
» » СОТ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

СОТ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ


Жуырда Қармақшы аудандық соты 2018 жылдың жарты жылдығын қорытындылау жиынын өткізді. Шараға аудандық сот төрағасымен бірге сот судьялары мен кеңсе қызметкерлері қатысты. Жиында сөз алған аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев жарты жыл ішінде атқарылған жұмыстарды саралады. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2018 жылдың 6 айында барлығы 33 адамға қатысты 24 қылмыстық іс қаралып, 7 қылмыстық іс бойынша 9 адамға үкім шығарылғанын, 14 қылмыстың іс бойынша 20 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 12 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 309 талап арыз, яғни сотқа келіп түскен арыздың 100 пайызы қаралғанын айта кетті. Есепті мерзімде барлық іс аудио-бейне жазба жүйесі арқылы қаралғанын тілге тиек етті.
Жиын соңында аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев сот әділдігін жүзеге асыру бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
17 шілде 2018 ж. 1 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31