Аудандық сот 2019 жылғы жұмысын қорытындылады
ЖОСАЛЫ, 21 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев пен кеңсе қызметкерлері қатысты, деп жазады Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2019 жылы аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Ол Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2019 жылдың 12 айында барлығы 92 адамға қатысты 73 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 44 қылмыстық іс бойынша 53 адамға үкім шығарылғанын, 20 қылмыстық іс бойынша 25 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 15 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 520 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 88 арыз бойынша сот бұйрығы, 276 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 76 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 51 медиация тәртібімен аяқталған, 43 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 75 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған, 23 іс соттылығы бойынша жолданған.
Аудандық сотта 2019 жылдың 12 айында барлығы 381 тұлғаға қатысты 381 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 594 талап арыз, 381 әкімшілік іс түскен.
Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.