» » 9 айда қанша қылмыс қаралды?

9 айда қанша қылмыс қаралды?

qarmaqshy-tany.kz  Аудандық сот 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмысын қорытындылады.  Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев, судья Л.Алибекова мен кеңсе қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Д.Кентбаев 2019 жылдың 9 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын баяндады.
- Биылғы 9 айда барлығы 68 адамға қатысты 49 қылмыстық іс қаралып аяқталды. 26 қылмыстық іс бойынша 35 адамға үкім шығарылды. 14 қылмыстық іс бойынша 19 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылып, оның ішінде 10 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды, - деді сот төрағасы.
Есепті мерзімде аудандық сотта 358 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 69 арыз бойынша сот бұйрығы, 194 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 47 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 30 медиация тәртібімен аяқталған. Ал 29 азаматтық іс бойынша арыз қараусыз қалдырылған. 64 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданып, 19 іс соттылығы бойынша жолданған.
Аудандық сотта 2019 жылдың 9 айында барлығы 316 тұлғаға қатысты 312 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 356 талап-арыз, 320 әкімшілік іс түскен. Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралғанына тоқталды.


09 қазан 2019 ж. 1 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031