» » Жұмыс сараланды

Жұмыс сараланды

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев, кеңсе қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
– 2019 жылдың 3 айында барлығы 19 адамға қатысты 14 қылмыстық іс қаралып аяқталған, 6 қылмыстық іс бойынша 8 адамға үкім шығарылды. 5 қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған. 3 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілсе, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі қабылданды, – сот төрағасы Д.Кентбаев.
Есепті мерзімде аудандық сотта 110 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 18 арыз бойынша сот бұйрығы, 90 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 8 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 6-ауы медиация тәртібімен аяқталған, 7 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 19 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2018 жылдың 3 айында барлығы 93 тұлғаға қатысты 93 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 96 талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100 % келіп түскенін атап өткен.
Шара соңында сот төрағасы сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
А.САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы»
22 сәуір 2019 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031