Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті
qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотының төрағасы «Қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу кезінде туындайтын мәселелер, шешу жолдары» және «іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығы» туралы дөңгелек үстел өткізіп, іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді толық қолдануға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқылады.
Іс-шараға сот төрағасы Қ.Мыханов, сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов, бас маман Р.Бисенова, Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжанов, орынбасары А.Муратов, Байқоңыр қаласының прокурорының орынбасары Е.Мусаев, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің тергеу жөніндегі орынбасары Қ.Абуов, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары С.Ғалымұлы және тергеушілері А.Қоңырбаева, Ж.Бағланбаев, және анықтаушы Р.Төлепбергенов қатысты.
Шара барысында төраға Қ.Мыханов Қазақстан Республикасының соттарында қылмыстық сот ісін жүргізуді электрондық форматта жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыным» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 22 қаңтарында №6001-18-7-6/19 бекітілген өкіміне тоқталып өтті.
Қармақшы ауданының прокурорының орынбасары Ә.Муратов баяндамасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылы 3 қаңтардығы №2 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулығына» түсіндірме беріп өтті.
Шара соңында қатысушылармен өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығы және іс қағаздарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығын атап өтті.