» » «Қылмыстық – процестік кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар»

«Қылмыстық – процестік кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар»

Байқоңыр қалалық сотында «Қылмыстық – процестік кодекстегі өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға Байқоңыр қалалық  сотының төрағасы Марат Тұрғанбаев, судьялар Елена Шевцова, Асыл Изтелеуова, қала прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Азамат Баянбайұлы, Қызылорда облысының заң консультациясының Байқоңыр қаласының адвокаттары, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қасым Абуов, тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нүркен Белгібаев, тергеу және анықтау бөлімдерінің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.
Кездесуді ашқан сот төрағасы М.Тұрғанбаев қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2017 жылдың 12 айын қорытындылауға өткізілген жиналысында айтылған бірқатар мәселелерге тоқталып, ең маңыздысы адам және оның құқықтары екенін, өз міндеттерімізді атқару барысында осыны естен шығармау керектігіне айтып өтті.
Қала прокуроры А.Баянбайұлы:  «Бұйрықтық іс жүргізу қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша заң нормасында көзделген негіздерге сәйкес болған жағдайда қолданылады. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап – жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал күдікті күзетпен ұсталатын істер бойынша сегіз сағаттан кешіктірмей, ол бойынша заңда көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды» – деді.
Сонымен қатар, судья А.Изтелеуова бұйрықтық іс жүргізу барысында туындауы мүмкін сұрақтарға қосымша тоқталып өтті.
«Электронды қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері мен айырмашылықтары» тақырыбында қалалық тергеу бөлімінің бастығы Н.Белгібаев баяндама жасап, қазіргі таңда Байқоңыр қаласында электронды қылмыстық іс жүргізуді бастау мүмкін болмай отырғанын, дегенмен мамандардың дайын екенін, электронды форматтағы іс жүргізудің қағаздағы форматтағы іс жүргізуден айырмашылығын айтып, іс бойынша шығарылатын қаулылардың дайын үлгісі негізінде жасалынатын және тағы да басқа ерекшеліктерін айтып өтті.
Адвокат Е.Жамбылбаев кездесу барысында айтылған жаңашылдықтарға қатысты электронды іс жүргізу сотталушылар үшін де, қорғаушылар үшін де өте тиімді екенін, себебі электронды жүйеде кейбір мәселелер адвокаттардың міндетті қатысуы арқылы жүргізіледі. Бұл тиісінше қорғау тарапының мүддесінің одан әрі беки түсетінін дәлелі деп пікір білдірді.
Шара соңында кездесу барысында туындаған сұрақтар бойынша қатысушылар пікір алмасып, қала прокуроры А.Баянбайұлы айыппұл жазасының орнына қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын көбірек қолдануды ұсынды. Себебін адамдардың материалдық жағдайына байланысты қазіргі кезде айыппұл жазасының тиісінше орындалмай  жатқанын тілге тиек еткен прокурор бұл тәсілдің тәрбиелік маңызының да зор екенін, бұл тәсіл шет елдерде көп қолданылатынын айтты.



07 ақпан 2018 ж. 1 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031