» » «Сотқа дейін татуласу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Сотқа дейін татуласу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қармақшы аудандық сотында нотариустардың қатысуымен «Whatsapp» мобильді қосымшасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді.
Қармақшы аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алға қойған басты міндеттерінің бірі сот жүктемесін оңтайландыру және татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар татуластыру рәсімдерін жүргізуге ерекше назар аударатынын, сонымен қатар, төраға медиативтік келісімнің сапасына назар аударды.
Қажетсіз сот процедуралары мен шығындарын азайту мақсатында төраға нотариустарға неке және отбасылық даулар туралы атқарушылық жазбаны, атап айтқанда, алимент өндіріп алу туралы жұмыстарды енгізуді ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Д.Кентбаев сұрақтарға толық жауап берді.
Іс-шараны қорытындылай келе, сот төрағасы Д.Кентбаев қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
20 тамыз 2020 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 809
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 094

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930