» » Медиацияны сотқа дейінгі қолдану мәселелері бойынша онлайн "дөңгелек үстел" өтті

Медиацияны сотқа дейінгі қолдану мәселелері бойынша онлайн "дөңгелек үстел" өтті

Іс шараға аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің өкілі Т.Қалиев, «Атамекен» ҰКП өкілі Қ.Аяпов және нотариус Л.Дінкешова қатысты.

Төрағалық етуші Д.Кентбаев коммуналдық төлемдерге қатысты даулар туындаған жағдайда медиация тәртібімен шешілу керектігін сонымен қатар, қазіргі таңда карантиндік шаралардың азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеуі жіті бақылауда екеніндігін, тек сот арқылы емес, басқада ұйымдардың қатысуымен, сотқа жеткізбей реттеу мүмкіншіліктері бар екенін, яғни, тек «сотқа жүгініп, сот арқылы ғана шешу» түсінігінен арылу қажет екендігі айтылып, туындайтын дауларға қатысты мәселелер дөңгелек үстел барысында кеңінен талқыланып өтті.

Іс-шара барысында, осы мәселелер бойынша шаралар қабылданып, карантин кезінде дауды болдырмауға, оларды уақытылы, өзара келісімге келе отырып бейбіт жолмен шешуге бағытталған сұрақтар пысықталды.

Жиынды қорытындылай келе, дауларды сотқа дейінгі реттеу алгоритімін жұмыс барысында басшылыққа алып, татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануды насихаттау жұмыстарын жалғастыру туралы тұжырымға келді.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

18 маусым 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

№52 (10420)

15 шілде 2025 ж.

№51 (10419)

12 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 109
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031