Еңбек дауына қатысты онлайн дөңгелек үстел өтті
ЖОСАЛЫ, 10 маусым – qarmaqshy-tany.kz Іс шараға аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, кәсіби емес медиатор, билер кеңесі мүшесі У.Умиртаев, адвокат Г.Қадырбаева, нотариус Л.Дінкешова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Есханова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі Ж.Зарлыкова және жеке сот орындаушы Б.Қожамұратов қатысты.

Іс-шара барысында, осы мәселелер бойынша шаралар қабылданып, карантин кезінде дауды болдырмауға, оларды уақытылы, өзара келісімге келе отырып бейбіт жолмен шешуге бағытталған сұрақтар пысықталды.
Жиынды қорытындылай келе, еңбек дауларының алдын-алу және оларды сотқа дейінгі реттеу алгоритімін жұмыс барысында басшылыққа алып, татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануды насихаттау жұмыстарын жалғастыру туралы тұжырымға келді.