» » Келелі тірлік

Келелі тірлік

Жақында Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен мекемелер және мектептерде «Сотқа дейін – татуласу» тақырыбында үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Шараның басы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептен басталды. Құрамында сот төрағасы Дархан Кентбаев пен кәсіби емес медиатор Өмірбек Өміртаев және бас маман Қаныш Шазатов бар топ мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Шарада сөз алған сот төрағасы Дархан Кентбаев «Сотқа дейін – татуласу» туралы қысқаша баяндама жасады.
– Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес қоғамда болып жатқан даулы істер мен жанжалдарды медиация тәртібімен реттеу пилоттық жобаға сәйкес ұйымдастырылуда. Медиацияның мақсаты – даулы істер мен даусыз істерді, соның ішінде ауданымызда көптен түсіп жатқан азаматтық істер, неке бұзу, еңбек дауы, алимент өндіру, шарт бойынша міндеттемелерді орындамау және банктік істерді сотқа дейін жеткізбей бітімгершілікпен аяқтау. Яғни, медиация дауға қатысушылардың эмоционалды күшін, уақытын және ақшасын үнемдеуге көмектеседі, – деді сот төрағасы.
Ауданымызда халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мақсатында жеке жоспар бекітіліп, жоспар бойынша 2018 жылы шілде айында аудандық ардагерлер үйінде «татуласу орталығы» ашылған еді. Аталған орталықта медиатор қызметін атқарушы Өмірбек Өміртаев өз сөзінде кезінде небір даулы мәселелерді шешкен билердің ісін бүгінде медиаторлар атқарып жатқанын сөз етті. Мысалы, ерлі-зайыптылардың ажырасу ісі болса, оның сотқа дейінгі ісін сотқа жеткізбей ақсақалдардың кеңесі мен бітістіреді. Алдағы уақытта бұл шара әлі де жалғасын таппақ.

Ерсін Әбләкиев
«Қармақшы таңы»
25 ақпан 2019 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930