» » Аудандық сотта онлайн семинар өтті

Аудандық сотта онлайн семинар өтті


ЖОСАЛЫ, 20 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің кейбір мәселелері бойынша түсіндірмені насихаттау мақсатында аудандық сотта онлайн семинар өтті. Оған аудан прокуроры Е.Сейтжанов, АПБ-нің өкілі Б.Актаев, Билер кеңесінің мүшесі У.Умиртаев, адвокат Г.Қадырбаева және кәсіби емес медиатор Л.Динкешова «Trueconf» мобильді байланысы арқылы қатысты.


Сот төрағасы түсіндірме мазмұнын баяндап, ондағы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларды қолдану жөніндегі сұрақтар бойынша түсіндірмелерге назар аудартып, ТЖ режимінің енгізілуі еңсерілмейтін күш мән-жайы болып табылатынын, ТЖ-ды еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде анықтау үшін сотқа бөлек талаппен жүгінудің қажеті жоқ екенін, себебі ТЖ дәлелдеуді талап етпейтін жалпыға белгілі факт болып табылатынын айтты.
Сонымен қатар ТЖ енгізу кезінде міндеттемелерді орындау, талап қою мерзімін есептеу, процестік мерзімдерді есептеу және оның тәртібі, көлік құралын басқаруға құқық беретін куәліктің аяқталу мерзімі, ТЖ аяқталғаннан кейін оның режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді тоқтату мәселелері талқыланды.
Шара соңында аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

20 мамыр 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031