» » Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

ЖОСАЛЫ, 21 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Аудандық сотта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатымен дөңгелек үстел өтті, деп жазады Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.

«Дөңгелек үстелге» сот төрағасы Д.Кентбаев, судья Е.Кутыбаев, аудан прокурорының көмекшісі Е.Есетов, қорғаушы Г.Қадырбаева, пробация қызметінің өкілі Ж.Жүнісов, АПБ-нің өкілі Д.Хорамбаев және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е.Әбләкиев қатысты.
Сот төрағасы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңы қабылданғанын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, "Халықтың көші-қоны туралы" заңына, "Пробация туралы" заңына бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар сот төрағасы әр түзетулерге егжей - тегжейлі тоқталып, осы заңдардың дұрыс қолданылуын талап ететінін айтты.
Кездесу барысында заңды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша сындарлы пікір алмасу, құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды.

21 қаңтар 2020 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031