» » Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қармақшы аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған азаматқа қатысты істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарады.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Қ.-ны «Шымкент-Самара» тас жолында полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған жеке қарау жүргізген кезде, оның джинси шалбарының оң қалтасынан газет қиындысына оралған 7,14 грамм және автокөліктен газет қиындысына оралған 10,42 грамм, ақ түсті дәптер парағына оралған 0,57 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 629-1 бабының 2-бөлігінің 3)-тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс, егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды көздесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде сотталушы Қ. қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаған,  іс әрекетінің саралануына келісіп,  дәлелдемелерді зерттемей, өзін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдеген.
Судья істі сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарап, үкім шығарды. Сот үкімімен сотталушы Қ. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі







13 мамыр 2019 ж. 1 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930