» » «Сотқа дейін – татуласу» орталығының жұмысын насихаттау

«Сотқа дейін – татуласу» орталығының жұмысын насихаттау

Қармақшы аудандық соты «Сотқа дейін – татуласу» орталығының жұмысын насихаттау мақсатында мекеме ұжымдарымен кездесу өткізді


Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Сотқа дейін – татуласу» орталығының жұмысын насихаттау мақсатында ұжым қызметкерлерімен кездесу өтті.
Аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы Алибекова Лаура, кәсіби емес медиатор Дінкешова Лиза және аталған мекеме қызметкерлері қатысты.

Қармақшы ауданында 2018 жылдың шілде айында аудандық ардагерлер үйінің ішінде «Сотқа дейін - татуласу орталығы» ашылғанын, аталған орталықта кәсіби емес медиатор Д.Нәзікбаев бекітілген. Қармақшы аудандық сотының төрағасының бекіткен кестесіне сәйкес судьялар кезекшілікте болып, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жасайды. Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың арасында туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады,- деп атап өтті аудандық сот судьясы.

Сонымен қатар, судья Л.Алибекова 21 қаңтар 2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілгенін, бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру арқылы соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Кәсіби емес медиатор Л.Дінкешова аталған орталық ашылған уақыттан бері ауқымды жұмыстар жасалып, бірқатар медиативтік келісімдер жасалғанын, қылмыстық, азаматтық істер бойынша туындаған дауларды сотқа жеткізбей тараптарды бітімге келтіріп, өзара ымыраға келу арқылы татуластырған істер бойынша түсіндірме беріп, 2019 жылдың ақпан айының 3-нен бастап енгізілген өзгерістенр мен толықтыруларға сәйкес даусыз істер бойынша атқарушылық жазба енгізу арқылы тиісті өндіріп алулар жасалатынын, атқарушылық жазба енгізудің шарттары мен тәртібін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылардан барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
27 ақпан 2019 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031