» » ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қоғамымызда күнделікті тірлікте болып жатқан жанжалды төмендету, дауларды азайту және екі жақ арасындағы жанжалды бітімгершілік арқылы шешуге соттардың басқа да баламалы тәсілдерін енгізу мақсатында соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру арқылы тетіктерін қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Осы ретте аталмыш жобаны жүзеге асыруға мақсатталған пилоттық жоба Қызылорда облысында қолға алынып,, «Сотсыз татуласу орталығы» жүзеге асуда.
Жақында Жосалы кентінде аталмыш жоба аясында аудандық ардагерлер үйінен «Сотсыз татуласу орталығы» ашылды.
Орталықтың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық соттың судьясы Лаура Әлібековалар алдағы уақытта тұрғындардың көкейкесті мәселелерін оң шешуде жұмыс істейтін жаңадан ашылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Татуластыру орталығының негізгі мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және ағайын, көршілер мен тұрғындар арасындағы дауды өзара келісім арқылы шешу. Бүгінде халық арасындағы сотқа дейінгі дау-жанжалдарды шешуге арналған медиацияның маңызы зор.
Шараға аудан әкімі аппаратының жетекшісі Берік Шерниязов, аудандық соттың судьясы Ермек Құтыбаев қатысып, лебіздерін білдірді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
31 шілде 2018 ж. 2 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031