ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Міне, осы ретте аталмыш жобаны жүзеге асыруға мақсатталған пилоттық жоба Қызылорда облысы болып белгіленген болатын.
Жақында Жосалы кентінде аталмыш жоба аясында аудандық ардагерлер үйінен «Сотсыз татуласу орталығы» ашылды.
Орталықтың ашылу шарасында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық соттың судьясы Лаура Әлібековалар алдағы уақытта тұрғындардың көкейкесті мәселелерін оң шешуде жұмыс істейтін жаңадан ашылған орталықтың қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық салт-дәстүрін сақтай білген киелі Қармақшы өңірінде бастау алып жатқанын жеткізді. Татуластыру орталығының негізгі мақсаты халықтың санасын өзгнертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және ағайын, көршілер мен тұрғындар арасындағы дауды өзара келісім арқылы шешу болып табылатынын тілге тиек етті. Бүгінде халық арасындағы сотқа дейінгі дау-жанжалдарды шешуге арналған медиацияның маңыздылығына тоқталды.
Шараға аудан әкімі аппаратының жетекшісі Берік Шерниязов, аудандық соттың судьясы Ермек Құтыбаев қатысып, лебіздерін білдірді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».