» » БИЛЕР КЕҢЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БИЛЕР КЕҢЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қармақшы ауданының әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Суйеубаев Жалғас Оңғарұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңестің басты мақсаты - жастарға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру, адасқандарды жолға салып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үйрету, ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешу болып табылады.
Осы ретте аудан әкімінің 2019 жылғы 20 мамырдағы «Қармақшы ауданында билер кеңесін құру туралы» №254 өкімімен билер кеңесінің құрамы және билер кеңесінің ережесі бекітілген болатын.
Жиында сотқа дейінгі татуласу мәселесін жетілдіру, «Билер кеңесі» ережесін түсіндіру және әрі қарай бағыттары, билер кеңесінің енгізілу мақсаттары туралы мәселелер талқыланды.
Жиынға облыстық билер кеңесінің төрағасы Нұрсейтов Зейнолла Әлімжанұлы, облыстық билер кеңесінің мүшесі Төребаев Шакизат Хамитұлы, аудандық соттың төрағасы Кентбаев Дархан, аудандық сайланған билер кеңесінің мүшелері және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев өз сөзінде билер кеңесі туралы ереженің бекітілуі билер кеңесінің өкілеттігін реттеп, мәртебе беретіндігін және ереже бекітіліп қана қоймай атқарылатын жұмыстардың нәтиженің де болуы қажет екендігін атап өтті.
Қоғамдық кеңестің төрайымы Раева Күлжауһар Төлегенқызы дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығына пікірін білдіріп, Билер кеңесінің жұмысы туралы ойын ортаға салды.
Жиын соңында ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешу мәселелері бойынша толығырақ түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды .
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 шілде 2019 ж. 1 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728