» » Қолдау білдірді

Қолдау білдірді


Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Билер кеңесін құру бойынша бастамашыл топтың жиыны өтті.
Жиынға Қармақшы аудандық сотының төрағасы Кентбаев Дархан Несіпбайұлы, аудан әкімі Сұлтан Мақашов, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша келе, аудандық соттың төрағасы Д.Кентбаев, Билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын жеткізді. Сонымен бірге ол «Ел ішінде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар бар, бұрын мемлекеттік қызметте болған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдарынан билер кеңесін құрып, халық арасында орын алатын дау-дамайларды реттеп, бітімгершілікке шақырып отырса» - деген ұсынысын білдірді.
Жиында сөз алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдаулетов пен Қазақ тіл қоғамдық кеңесінің төрағасы Күлжауһар Раева дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығын айта келе, Билер кеңесін құру бастамасын құптайтындықтарын жеткізді.
Бастамашыл топтың өкілдері осы арқылы бабалар мұрасына зор құрмет көрсетілетінін атап өтіп, өңірдегі дауласу деңгейін төмендетуге бағытталған жұмысты ілгері жылжытуға қолдау білдірді.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

14 наурыз 2019 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 164

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 142

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930