» » БИЛЕР СОТЫ ҚҰРЫЛДЫ

БИЛЕР СОТЫ ҚҰРЫЛДЫ

Ертедегі билер сотының түпкі мақсаты – екі жақты татуластыру болған. Замана өзгерді. Заманына қарай адамы да. Бүгінде дауды тек сот шешеді деп біріміздің үстімізге біріміз арыз жазатын күйге жеттік. Ашу басылған соң сан соғып қалатынымыз тағы бар. Сол үшін сот – әділ әрі бейбіт жолды көрсететін алтын көпір болуы керек. Медиацияны құрғандағы негізі нысан да – сотқа дейін жеткізбей мәселені шешу.
Тарихтағы билер сотының түпкі мақсаты – екі жақты татуластыру, табыстыру болған. Мәселен, ажырасу үшін екі тарап билерден ақыл сұрап, мәселенің түйінін шешкен. Бүгінде соның жалғасы іспеттес аудандық билер соты құрылды. Бұл жайында аудан әкімінің мәжіліс залында өткен жиында аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев хабарлады.
–  Сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. «ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Елбасының Жарлығы сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап етуге мүмкіндік берген болатын. Бұл жөнінде «Медиация» институты өмірге келді. Медиацияның тарихы тереңде. Адам арасында алғашқы дау қай кезде туындаса, бітімгершілік те сол заманда пайда болған. Сондықтан, бұл әдіс алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде болған. Ертедегі билердің бүгінгі жалғасы ретінде ауданда билер сотын құруды қолға алдық. Бұл – дауласқандарды сотқа жеткізбей ымыраға келтірудің оңтайлы жолы, – деді ол.
Жиынға аудан ардагерлері мен ауыл әкімдері қатысты. Олар бұл бастамаға қолдау көрсетіп қана қоймай, пікірлерін де ортаға салды.
– Медиатор – бітімгер. Бұл – қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен, дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам, – деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
Осыған дейін ауданда кент әкімшілігінен медиация кабинеті ашылды. Аталмыш бөлме халыққа дауды соттан тыс жағдайда шешудің артықшылығын білуге мүмкіндік берді. Қармақшы аудандық сотында қаралған істер бойынша салыстырмалы статистикалық мәлі­меттерге сүйенсек, 2016 жылы 12 азаматтық іс, 18 қылмыстық іс, 1 әкімшілік іс аяқталса, 2017 жылы 60 азаматтық іс, 27 қылмыстық іс, 30 әкімшілік іс аяқталған. Осы мәліметке қарап-ақ медиация Заңының қолданылуы кеңейгенін көруге болады.
Жиында аудандық сот пен аудан әкімшілігі билер сотының құрылуына ортақ шешім қабылдап, меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта бұл бастаманың өзіндік ережесі жасалмақ. Содан соң барып орақ ауызды шешен, білімді, өмір көрген, тәжірибесі мол ауыл ақсақалы билер сотының құрамына қабылданбақ.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
12 наурыз 2019 ж. 1 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031