» » Қармақшы ауданында Билер кеңесі құрылды

Қармақшы ауданында Билер кеңесі құрылды

Қармақшы аудандық сотының бастамасымен, «Татуласу:сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында Қармақшы ауданында Билер кеңесі құрылды.
Жиынға Қармақшы аудандық сотының төрағасы Кентбаев Дархан, аудан әкімі Сұлтан Мақашов, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Көпшіліктің ұсынуымен билер кеңесінің құрамына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдаулетов Қаршыға, аудандық қоғамды кеңесінің төраймы Раева Күлжауһар, аудандық білім саласының ардагері, ауданың құрметті азаматы Жалғасбаева Дәмелі, аудандық кәсіпқой емес медиаторы Умертаев Умербек, ауданың құрметті азаматы, зейнеткер Өтегенов Махсұтбек сайланды.
Сот төрағасы Кентбаев Дархан өз сөзінде, билер кеңесін құрудың мақсаты мен маңызы туралы тоқталып, қазақтың билер соты ежелгі заманнан бері, ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан, өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болғаны жөнінде атап өтті.
Жиын соңында, сот төрағасы Кентбаев Дархан қазіргі таңда татуластыру рәсімдері қоғам тарапынан оң бағаланып отырғанын алға тартып, билер кеңесіне сәттілік тілеп, оларға дау айтып келген адамдарға даналы іс-әрекеттерімен қызмет жасап, бітімгершілікке баулыйтынына сенім білдірді.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
31 мамыр 2019 ж. 1 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031