» » Қармақшы аудандық сотында «Медиация және татуластыру рәсімдері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді

Қармақшы аудандық сотында «Медиация және татуластыру рәсімдері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді

Іс шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев, кәсіби емес медиатор У.Умиртаев, қорғаушы Г.Қадырбаева және АХАТ бөлімінің өкілі Ж.Зарлыкованың қатысуымен «Медиация және татуластыру рәсімдері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.
Сот төрағасы Д.Кентбаев өз баяндамасында: «Медиация – жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеу баламасы. Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандыруға қол жеткізеді. Осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, алғаш рет әлемдік тәжірибеде жаңа Азаматтық процестік кодексінде адвокаттарға бітімгершілік рәсім жасау құқығы берілді. Тараптарға сот медиациясы арқылы дауларды реттеудің оңтайлы жолы ұсынылды, бітімгершілік келісім институты сақталды. Оның ішінде партисипативтік рәсім жаңашылдық болып табылады, яғни адвокаттар дауласушы тараптардың мәселесін бітімгершілік келісім арқылы шешуге тартатын болады. Келісімнің шартын істі қараған судья (сотқұрамы) бекітеді» - деп атап өтті.

Іс-шара соңында Д.Кентбаев қатысушыларға семинар тақырыбының аясында туындаған барлық сұрақтарына жауаптар берді, сонымен қатар, даулы мәселелерге медиация рәсімін қолдану мүмкіндігі түсіндірілді.


Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
23 шілде 2020 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 498
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930