» » Аудандық сотта семинар өтті

Аудандық сотта семинар өтті


ЖОСАЛЫ, 22 маусым – qarmaqshy-tany.kz Аудандық сотта Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар өтті, деп хабарлайды Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Онлайн форматта өткен іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы, Д.Кентбаев, прокурор Е.Мусаев, адвокат Г.Қадыобаева, кәсіби емес медиатор және билер кеңесінің мүшесі У.Умиртаев қатысты. Іс-шара барысында сөз алған Д.Кентбаев мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өтіп, басты өзгерістер мен толықтыруларға назар аударды.
Сондай-ақ, Д.Кентбаев АПК-ға енгізілетін түзетулерге сай, судья басы артық жүктемелерден арылғанын, судья екі тарап ұсынбаған дәлелдемелерді сұрату арқылы ақиқатқа жетіп қана қоймай, процесс барысында тараптардың уәждеріне қатысты дауға сай өз пікірін де білдіруге құқығы бар екенін айтып, бұл - сот шешімінің сапасына оң әсерін тигізетінін жеткізді.
Семинар барысында жекелеген мәселелерді тараптарды шақырмай-ақ қарау, процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру, белгіленген ақша сомаларын индекстеу, медиатордың мәртебесі мен медиация механизмін процестік реттеу, судьялардың медиацияны жүргізуі және медиация туралы келісімді бекіту рәсімдері, электронды хаттама туралы да кеңінен айтылды.
22 маусым 2020 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930