» » Кассациялық соттың құрылуымен азаматтардың сотқа деген сенімі арта түседі

Кассациялық соттың құрылуымен азаматтардың сотқа деген сенімі арта түседі

Қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құру жоспарланған. Жүйе сот төрелігі мен әділдігінің артуына септігін тигізбек. Сондай-ақ, сот төрелігінің сапасын, судьялардың кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған тетіктер қарастырылған.
Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өткен болатын.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді. Оның жұмысы сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді.
Кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе. Себебі бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап, пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді.
Жергілікті жерде қалалық немесе аудандық соттың шешіміне не үкіміне риза болмаған тараптар апелляцияға барады. Апелляциядан кейін кассациялық сотқа шағымдарын айта алады. Яғни, кассациялық сотқа, апелляциядан әділдік  таппағандар  шағымдана  алады.
Өңірлерде шыққан сот шешімінің, үкімінің заңдылығын жоғарғы сатыда қайта қарауға мүмкіндік болады
Кассациялық сот Астана қаласында отырып, бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді. Төменгі сот шешімімен келіспегендер осында жүгіне алады. Бұл - сот жүйесінің әділ жұмыс істеуіне кепілдік беріп, азаматтардың сенімін арттырады.
Ж.Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының әкімшісінің  басшысы
21 қазан 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031