» » Кассациялық соттар жұмысын бастайды

Кассациялық соттар жұмысын бастайды

Заң – заманның тамыршысы. Заман алға жылжыған сайын заңдардың да өзгеріп, толықтырылуы қалыпты үрдіс. Мұндай жаңғыртулардан сот саласы да тыс қалған емес. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына қол қойып, саланы дамытуға серпін беретін жаңашылдықтардың енгізілуіне жол ашты. Осы жаңа заңға сәйкес, Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот құрылмақ.

Кассациялық сот қандай болуы керек, мұндағы істер қалай қабылданып, қалай қаралғаны дұрыс? Мемлекет басшысы кассациялық өндірістің жұмысын өзгертіп, халықтың сұранысына сай дамыту туралы міндет жүктегенде дәл осы сауалдарға орнықты жауап тауып, дұрыс шешім қабылдау бойынша ауқымды ізденістер жасалды. Нәтижесінде жаңа бастаманың заңдық тәртібі айқындалып, елордамызда үш тәуелсіз кассациялық сот жұмыс істейтін болды. Кассациялық сот Астана қаласында отырып, бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді. Төменгі сот шешімімен келіспегендер бірден осында жүгіне алады.

Ал тәуелсіз кассациялық сот құрудың артықшылығы аз емес. Ең басытсы, бұл кассация өндірісіне түскен істердің таңдап емес, жалпы қаралуына ықпалын тигізіп отыр. Өйткені істерді бір судьяның қарап, пайымдауымен алқа қарауына жіберілмеуі азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Жаңа өзгеріс сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен бірге, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.

Кассациялық сотты тәжірибеге енгізуге байланысты Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді. Соның негізінде Жоғарғы Сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жоғары сатыға жолданған істерді қарауын тоқтатады. Жалпы, үш кассациялық алқаны құруда мемлекет қаржысына нұқсан келтірмеу жағы да ескерілген. Тағы бір ескерерлігі, жаңа өзгеріске орай Жоғарғы Сот енді істерді мәні бойынша қарамайды, тек заң белгіленген фактілерге дұрыс қолданылғанын, сот ісін жүргізу нысанына байланысты іс жүргізу бұзушылықтарына жол берілмегенін тексереді. Айталық, егер істің бірдей мән-жайлары бойынша қарама-қарсы шешімдер қабылданса, онда Жоғарғы Сот өз қаулысымен құқық нормаларын қолдану кезінде жіберілген сот қатесін түзетеді. Бұл іс жүргізуде біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету үшін қажет тетік.
Істерді кассациялық тәртіпте қарайтын судьяларға қойылатын талап та жоғары. Кассациялық сот судьяларының заңгерлік өтілі кемінде 18 жылды құрауы керек. Ал судьялық тәжірибесі кемінде 8 жыл болуы мнідетті. Сондай-ақ төрағаның кемінде 10 жыл сот алаңында төрелік етуі, оның ішінде облыстық соттың судьясы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Мұндай талап кассациялық сотқа неғұрлым тәжірибелі, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандардың таңдалатынын көрсетеді.


Ақылбек Қазыбеков,
Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық сотының судьясы
18 қыркүйек 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031