» » Дербес кассациялық соттың құрылуы - қоғам талабы

Дербес кассациялық соттың құрылуы - қоғам талабы

Фото: Zakon.kz

Қазір елордада қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құру жоспарланған. Жүйе сот төрелігі мен әділдігінің артуына септігін тигізбек. Сондай-ақ, сот төрелігінің сапасын, судьялардың кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған тетіктер қарастырылған.

Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өткен болатын.

Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді. Оның жұмысы сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді.

Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.

 Б.АБУБАКИРОВА,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы
16 қыркүйек 2024 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031