Аудандық сот жартыжылдықты қорытындылады
Аудандық сот 2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілді. Жиынға аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов, сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов пен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, маңызды мәселелерді атап өтті.
Сот төрағасы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтерге тоқталды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында аудандық сотқа 19 қылмыстық іс түсіп, 17 қылмыстық іс аяқталып, 16 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған.
Азаматтық істер бойынша аудандық соттың өндірісіне 339 талап қою түсіп, 274 іс аяқталғанын, 130 іс бойынша шешім, 78 іс медиация тәртібімен қаралып, 29 сот бұйрығы шығарылғанын атап өтті.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша есепті кезеңде 301 әкімшілік іс түсіп, 277 іс аяқталғанын, аяқталған әкімшілік құқық бұзушылық істер ішінде 205 құқық бұзушыға қатысты 205 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жаза қолданса, құқық бұзушыға қатысты 64 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылып оның ішінде 45 құқық бұзушыға қатысты 45 әкімшілік іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылған.
Жиында сот әкімшісінің басшысы Е.Мәтжанов соттардың инфрақұрылымын дамыту, сот жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша айтып өтті.
Кеңесті қорытындылаған сот төрағасы Қ.Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындады.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА