Сот жартыжылдықты қорытындылады
Әдетінше аудандық сот баспасөз конференциясын өткізіп, осы жылдың І жартыжылдығын қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 27 адамға қатысты 23 қылмыстық іс түсіп, 21 адамға қатысты 21 қылмыстық іс аяқталып, оның ішінде 12 адамға қатысты 12 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған. 2 адамға қатысты 2 іс өндірістен тоқтатылып, 7 адамға қатысты 7 іс басқа сотқа соттылықпен жолданған.
Ал есепті мерзімде азаматтардан барлығы әртүрлі нысандағы 272 арыз, 13 іс түсіп, 179 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, 38 сот бұйрығы, 106 шешім шығарылып, соттылықпен 16 іс жолданса, 41 іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 16 іс қараусыз қалдырылған. Нәтижесінде барлығы 217 іс аяқталған.
2022 жылдың І жартыжылдығында аудандық сот өндірісіне 251 құқық бұзушыға қатысты 251 әкімшілік іс түсіп, 1 құқық бұзушыға қатысты 2 іс біріктіріліп, 248 құқық бұзушыға қатысты 248 әкімшілік іс аяқталған. 1 іс ІІІ тоқсанға қалдыққа қалған.
Аяқталған әкімшілік құқық-бұзушылық істер ішінде 231 құқық бұзушыға қатысты 231 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жаза қолданса, 9 құқық бұзушыға қатысты 9 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы Қ.Мыханов сот жүйесі төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізу әрі қарай жетіле түсетінін айтты.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ