Сот жылды қорытындылады
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ СОТЫ ӘДЕТТЕГІШЕ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗІП, ӨТКЕН ЖЫЛҒА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАДЫ. СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ САМАТ ЖЕЛДЕРБАЕВ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНА НАҚТЫ ЕСЕП БЕРІП, САРАЛАДЫ.
Аудандық сот өндірісінде өткен жылдың 12 айында барлығы 64 адамға қатысты 56 қылмыстық іс қаралып аяқталып, 56 қылмыстық іс бойынша 51 адамға үкім шығарылған. 10 адамға қатысты 7 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылса, осы өндірістен тоқтатылған қылмыстық істердің ішінде 4 адамға қатысты 1 қылмыстық іс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын және осы баптың 3-тармағын қолданып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Есепті мерзімде аудандық сотта 451 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 62 арыз бойынша сот бұйрығы, 220 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. 82 іс медиация тәртібімен аяқталып, 69 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылса, 71 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
2021 жылдың 12 айында аудандық сотта барлығы 378 құқық бұзушыға қатысты 378 әкімшілік іс түсіп, 378 құқық бұзушыға қатысты 378 әкімшілік іс аяқталған. Әкімшілік іс бойынша 3 арыз түсіп, 1 арыз бойынша қанағаттандырылып шешім қабылданса, 2 арыз қайтарылған.
«Сот кабинеті» сервис арқылы 528 талап арыз, 371 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен. Істер есепті мерзімде Zoom, WhatsАpp жүйелері арқылы қаралғаны.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасының уақытша міндетін атқарушы С.Желдербаев сот жүйесі төңірегінде туындаған барлық сұраққа жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіре түсетінін айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ