» » Тоғыз айлық жұмыс қорытындыланды

Тоғыз айлық жұмыс қорытындыланды

Ай басында аудандық сот онлайн форматта баспасөз конференциясын өткізіп, тоғыз айға қорытынды жасады. Сот төрағасы Дархан Кентбаев сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.


Жыл басынан бері сот өндірісінде барлығы 53 адамға қатысты 40 қылмыстық іс қаралып аяқталса, 32 қылмыстық іс бойынша 44 адамға үкім шығарылған. 7 қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылып, 5 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілген.

Ал есепті мерзімде аудандық сотта 301 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 61 арыз бойынша сот бұйрығы, 139 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. 54 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, оның 47-сі медиация тәртібімен шешімін тапқан. Бітімгершілік келісімімен 4 азаматтық іс тоқтатылып, 62 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешіліп, 10 іс соттылығы бойынша жолданған.
2020 жылдың 9 айында аудандық сотта барлығы 296 тұлғаға қатысты 296 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 319 талап арыз, 304 әкімшілік іс түскен.

Пандемияға байланысты барлық істер аудио, бейнежазба, TrueConf, Zoom, Whatsapp жүйелері арқылы жүргізілген.
Онлайн баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы Д.Кентбаев сот жүйесі төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізуді әрі қарай жетіле түсетінін айтты.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 қазан 2020 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930