Сот есеп берді
Жақында аудандық сот баспасөз конференциясын өткізіп, осы жылдың І тоқсанына қорытынды жасады. Сот төрағасының уақытша міндетін атқарушы Самат Желдербаев сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына нақты есеп берді.
Аудандық сот өндірісінде осы жылдың І тоқсанында барлығы 14 адамға қатысты 10 қылмыстық іс түсіп, 9 адамға қатысты қылмыстық іс аяқталған. 5 адамға қатысты 5 қылмыстық үкім шығып, 4 адамға қатысты 4 іс басқа сотқа соттылығы бойынша жолданған. Аталған тоқсан ішінде өндірістен тоқтатылған істер болмаған.
Есепті мерзімде аудандық сотта 93 азаматтық іс қаралып аяқталған. Аяқталған істердің ішінде 46 азаматтық іс бойынша шешім қабылданып, оның ішінде 12-сі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған. 10 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, 9 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылып, 11 азаматтық іс соттылығы бойынша жолданып, 17 сот бұйрығы шығарылған.
Сонымен қатар осы жылдың І тоқсанында 137 құқық бұзушыға қатысты 137 әкімшілік іс түсіп, 134 құқық бұзушыға қатысты 134 әкімшілік іс аяқталған.
2022 жылдың І тоқсанында сот өндірісіне электронды түрде 9 қылмыстық іс, «Сот кабинеті» сервисі арқылы 122 талап арыз, 137 әкімшілік іс түскен. Осы түскен істер аудио, бейнежазба, Zoom, WhatsАpp жүйелері арқылы қаралған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасының уақытша міндетін атқарушы С.Желдербаев сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, оның ашықтығы мен қолжетімділігін, сонымен қатар азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ