» » Аудандық соттың 2021 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Аудандық соттың 2021 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды


Онлайн форматта өткен баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев және  жергілікті газеттердің тілшілері қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы Д.Кентбаев 2021 жылдың 9 айындағы аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті.
Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2021 жылдың 9 айында барлығы 45 адамға қатысты 44 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 39 қылмыстық іс бойынша 38 адамға үкім шығарылғанын, 6 қылмыстық іс бойынша 6 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотта 352 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 43 арыз бойынша сот бұйрығы, 169 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 74 медиация тәртібімен аяқталған, 52 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылған, 56 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2021 жылдың 9 айында барлығы 280-құқық бұзушыға қатысты 280-әкімшілік іс түсіп, 274-құқық бұзушыға қатысты 274-әкімшілік іс аяқталып, 6 іс қалдыққа қалған.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисі арқылы 413 талап арыз, 274 әкімшілік іс түскен.
Есепті мерзімде  істер TrueConf, Zoom,Whatsapp жүйелері арқылы  қаралғанына тоқталды.
Шара соңында сот төрағасы  БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

11 қазан 2021 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930